Жалбызтікен () — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік жалбызтікен. Барлық жерде (далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында) өседі. Маусым— қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі — 50-200 см. Сабағы тік, бұтақты, жұмыр, түкті келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қалақша тәрізді, жиектері бүтін не ирек. Күлтесі алқызыл, ақ, қызғылт. Жемісі — тұқымша. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I томТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Дереккөздер

Санат:Құлқайырлар Санат:Еуропа флорасы Санат:Дәрілік өсімдіктер