Гетероспория — кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктерден келемі жағынан түрліше споралардың пайда болуы. Гетероспория су папоротнигі, селагинелла және т. б. всімдіктерде кездеседі. Бұл споралардың ішіндегі ірілері — мегаспора, немесе макроспора, ал ұсақтары— микроспора делінеді. Олар өскениен сон макроспорадан — аналық, ал микроспорадан — аталық өсімдік есіп шығады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Санат:Биология