Дмитрий Дмитриевич Поцелуев (9.12.1941 жылы туған, Алматы қ.) – медицина ғылымының докторы (1998). 1965 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1972 жылдан Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Клиника және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды. Ғылыми еңбектер «''Малоинвезивная хирургия симптоматической гипертензии при сложных формах стеноза почечных артерий'» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері қантамырларын рентген сәулесімен тексеру (ангиография) және ішкі қантамырларына (эндоваскулярлы) хирургиялық операция жасау әдісін жетілдіруге арналған.

Марапаттар Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999)."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>