Таушық — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл, Таушық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 120 км жерде, Ақтау-Қаражанбас-Қаламқас жолына 8 км батысқа қарай орналасқан.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2116 2604 2765
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының басында қаланған.
Өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы Ауыл мағында көмір кен орны бар. Соның негізінде мұнда 1932-39 жылдары “Тау еңбек” көмір өндіретін артель жұмыс істеді. 1939-46 жылдары “Маңғышлақ көмір тресі” орналасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында мұнда көмір өндірілді. 1993 жылдан тас көмір қайтадан өндіріле бастады. Таушықта бұрынғы “Жаңажол” түйе кеңшарының негізінде шұбат өндірумен айналысатын шаруа қожалығы құрылды. Шығыс жағынан 4 км жерден Ақтау – Қаражанбас – Қаламқас мұнай құбыры өтеді және мұнай айдау стансасы орналасқан.
Көрікті орындар Таушық округі аумағында “Дәніспан”, “Итолы”, “Шақпақ-Ата”, т.б. көпке танымал қорымдар мен тарихи ескерткіштер бар.
Инфрақұрылымы Ауылда «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС, мешіт, 1 орта мектеп, ауылдық емхана, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшесі, байланыс бөлімі, 12 сауда нүктесі, орталық базар, полиция бөлімшесі, тігін шеберханасы, мейрамхана, 34 шаруа қожалығы қызмет істейдіТаушық ауылы .
Дереккөздер
Санат:Түпқараған ауданы елді мекендері