Ақшымырау – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Бозащы түбегінің шығысында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1934 жылы қаланды. Алғашында 4-5 үйден тұратын шағын елді мекен 1953 жылдан 1969 жылға дейін 19 партсъезд атындағы ұжымшардың және Калинин ауылдық кеңесінің орталығы болып келді.1969 – 1974 жылдары «Бозащы» кеңшарының, 1974 – 1995 жылдары «Ақшымырау» кеңшары фермасының орталығы болды. Кеңшар және бөлімше негізінде Ақшымырауда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1225 1264 1117

Инфрақұрылымы Ауылда «Ә.Тобанияз» атындағы орта мектеп оқушыларға білім беруде. Онда 2014 жылға қарай 283 оқушы оқыды. 2009 жылы «КомМунай» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 50 орындық «Айгөлек» балабақшасы қолданысқа берілді, 2014 жылы 1 ашық спорт алаңы салынды, 2015 жылы ауылдық клубтың ескіруіне байланысты жаңа 150 орындық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Ауылда сонымен қатар 2007 жылы салынған дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункті бар, 1 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Ауыл шаруашылығы Ақшымырау селосында 22 шаруа қожалығы және "Ақшымырау" ЖШС тіркелген. Мал азығы жем-шөпке байланысты ауылда "Ақшымырау" ЖШС-сі және 2 шаруа қожалығы мал азығы шөп шабумен айналысады. 2014 жылғы есеп бойынша ауылдағы жеке шаруа қожалықтары мен тұрғындардың мал басы саны түйе-1613, жылқы-4945: қой-ешкі - 11303, сиыр-67 басты құрап отыр.

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері