Ақпараттың ақиқаттығы (Достоверность информации) — қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігі. Оған жету жолдары: оқиға болған уақытты осы жайында мәлімет жеткізу арқылы белгілеу; әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді мұқият оқу-тексеру және салыстыру; күмәнді мәліметтерді тексеру; жалған ақпарат беру және қалқалау шараларын дер кезінде ашу; техникалық құралдар бойынша беріліп жатқан бұрмаланған ақпаратты алып тастау.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника