Борша тышқан, бұрындық () — кеміргіштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануар.
Қазақстанда Оңт. Алтай және Қалба Алтайындағы қылқанжапырақты ормандар мен аралас ормандарды мекендейді. Дене тұрқы 12 – 15 см, құйрығының ұзындығы 12 см, салм. 70 – 100 г. Арқасында бойлай орналасқан 5 қара жолағы бар. Ағаш басына тез өрмелеп шыға алады, бірақ ұясын інге салады. Қыркүйек – қазанда қысқы ұйқыға кетіп, сәуір – мамырда оянады. Жылына 1 рет 4 – 6-дан балалайды. Ағаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті мен туляремия ауруларының қоздырғышын таратады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер