Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (ҚР ПІБ) – Қазақстан Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Құрылтайы депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Мемлекет басшысына тікелей бағынып, оған есеп береді. Қазіргі басшысы — Асат Нұрпейісов (2024 жылдан бастап).
Қызметі Заңнамаға сәйкес ҚР Президентінің Іс Басқармасы мына міндеттерді жүзеге асырады:
ҚР Президентінің, Орталық мемлекеттік органдар – Президент Әкімшілігінің, ҚР Үкіметі мен Парламентінің қызметін материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етеді. ҚР Президентінің қатысуымен өтетін іс-шараларды, соның ішінде ҚР Үкіметі мен ҚР Президенті Әкімшілігі өткізетін кеңестерді, конференцияларды және басқа да мемлекеттік іс-шараларды қаржылық-шаруашылық жағынан қамтамасыз етеді; Орталық мемлекеттік органдар қызметкерлеріне көлік және медициналық қызмет көрсету, санаторлық-курорттық емделуін және демалысын ұйымдастыру; ҚР ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқару; ҚР ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқаруда ұйымдастырушылық-экономикалық тетікті жетілдіру, мемлекеттік мүліктің пайдаланылуы мен сақталуын бақылау, басқару.
Тарихы 1990 жылы Президент кеңсесінің (аппаратының) құрылымында Іс басқармасы құрылды. 1991 жылы Президент пен Министрлер Кабинетi аппаратының Іс басқармасы болып өзгертілді.
1992 жылы Президент пен Министрлер Кабинетi аппаратының Іс Басқармасынан аппараттың Шаруашылық басқармасы бөлінді.
1994 жылы Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Президент жанындағы Шаруашылық басқармасы болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы
1995 жылы Қазақстан Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы таратылып, орнына орталық мемлекеттік орган мәртебесіне ие Қазақстан Президентінің Іс Басқармасы құрылды.Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы
Басшылық Президент Іс басқарушысы: Асат Нұрпейісов (2024 жылдан бастап) Президент Іс басқарушысының орынбасары: Сергей Хорошун (2019 жылдан бастап) Президент Іс басқарушысының орынбасары: Ермек Абдраманов (2026 жылдан бастап) Президент Іс басқарушысының орынбасары: Алмас Исаков (2026 жылдан бастап) Президент Іс басқарушысының орынбасары: Ерлан Сүттібаев (2025 жылдан бастап)Басшылық туралы мәлімет
Президент Іс Басқарушыларының тізімі № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Президенті Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының Іс басқармасы (1990—1992)Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы (1992—1994)Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шаруашылық басқармасы (1994—1995)99pxНұрсұлтан Назарбаев 1 99px Владимир Ни 10 мамыр 1990 20 қазан 1995 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (1995—) 1 99px Владимир Ни 20 қазан 1995 8 қараша 1995 2 99px Сыздық Әбішев 8 қараша 1995 шілде 1996 3 99px Владимир Ни қыркүйек 1996 қыркүйек 1998 4 99px Темірхан Досмұханбетов 2 қыркүйек 1998 16 маусым 2003 5 99px Сарыбай Қалмырзаев 16 маусым 2003 20 наурыз 2004 6 99px Темірхан Досмұханбетов 20 наурыз 2004 27 наурыз 2006 7 99px Болат Өтемұратов 28 наурыз 2006 11 желтоқсан 2008 8 99px Сарыбай Қалмырзаев 11 желтоқсан 2008 13 сәуір 2011 9 99px Серік Үмбетов 13 сәуір 2011 21 қыркүйек 2012 10 99px Абай Бисембаев 21 қыркүйек 2012 19 наурыз 2019 11 99px Ерлан Баттақов 21 наурыз 2019 11 қаңтар 202299pxҚасым-Жомарт Тоқаев 12 99px Айбек Дәдебай 11 қаңтар 2022 6 ақпан 2024 13 99px Асат Нұрпейісов 7 ақпан 2024 —
Ведомстволық бағынышты ұйымдар Ұйым Сипаттамасы Қарамағындағы ұйымдар Сайты «ҚР Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» ММ Қазақстан Республикасы Құрылтайы қызметін материалды-техникалық, транспорттық, әлеуметтік-тұрмыстық, сондай-ақ қаржылық жағынан қолдауды қамтамасыз етеді. 1990 жылдың бас кезінде Жоғары Кеңес аппаратының құрамындағы бөлім, кейін басқарма ретінде жұмыс істеді. 1995 жылы ҚР Парламентінің Іс басқармасы, 1996 жылы ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы, 2016 жылы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы болып өзгерді, 2026 жылы қазіргі атауына ие болды. 1. 2. 3. 4. «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ Медициналық санаторийлік-курорттық қамтуды ұйымдастыру, халық денсаулығын нығайту және сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірлерге заманауи технологияларды трансферттеу, медициналық туризмді дамыту, ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтумен айналысады. 1. (Астана қ.) 2. (Алматы қ.) 3. (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы) 4. (Алматы қ.) 5. (Астана қ.) 6. (Астана қ.) 7. (Астана қаласында 3 филиал) 8. «Қазақстан» санаторийі (Қырғызстан, Ыстықкөл көлі) 9. («Астана» ЖШҚ, Ресей, Ессентуки қ.) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ Ақмола облысының аумағында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды. — «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлікпен қызмет көрсету, ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсетумен айналысады. 1997 жылы елорданың Ақмола қаласына көшуiне байланысты құрылған.Кәсіпорын туралы — «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ШЖҚ РМК Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық жағынан қамтамасыз ететін 1996 жылы құрылған арнаулы медиа-ресурс. 1. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2. «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы 3. Деректі фильмдер орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК Дирекция 7 ғимаратқа қызмет көрсетеді, олардың қатарында «Ақорда» резиденциясы, Үкімет Үйі, Министрліктер Үйі, Қаржы министрлігі, Тұңғыш Президент мұражайы, Орталық сайлау комиссиясының әкімшілік ғимараты бар. Дирекцияның Алматы филиалы «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК Әкімшілік ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің операторы және Іс Басқармасы жүйесіндегі кәсіпорындардың ақпараттық бағдарламаларын әзірлейтін, сүйемелдейтін жүйелік интегратор. — «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» ШЖҚ РМК 1997 жылы құрылған. Қазақстан Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, өзге де қызмет көрсетілетін адамдардың қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етеді, Қазақстан Президенті қатысатын ресми және басқа да іс-шараларға қызмет көрсетеді, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетеді. — «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ Қазақстан Президентінің музей жинағы мен жеке кітапханасының, Қазақстан экс-президенттерінің музей жинақтарының, жеке кітапханаларының және жеке архивтерінің жұмысын қамтамасыз етеді. — «Алатау» қонақ үйі» АҚ Түркияның Кемер қаласындағы Бельдиби ауданында орналасқан «Rixos Beldibi» қонақүйін басқаруды жүзеге асырады. 2001 жылы құрылған. — «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК 2000 жылы арнайы рейстер ұйымдастырып, Президент пен мемлекеттiң өзге де лауазымды тұлғаларының ұшу қауiпсiздiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. — «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС Қазақстан территориясында және одан тыс жерде орналасқан объектілерде құрылыс-монтаждық жұмыстардың барысын және сапасын техникалық тұрғыдан қадағалауды қамтамасыз етумен айналысады. 2001 жылы Елорданы Алматыдан Астана қаласына көшіру кезінде техникалық қадағалауды тиімді жүргізу ету үшін «ҚР ПІБ Салынып жатқан объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі дирекция» Жабық акционерлік қоғамы болып құрылған. 2009 жылы ребрендинг жүргізіліп, «Қазқұрылысжүйесі» АҚ болып өзгерді.Біз туралы — «Бурабай даму» ЖШС Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында ҚР Президенті Іс басқармасының объектілерін күтіп-ұстау және пайдалану, Бурабай және AQBURA курорттарын дамытуды, сондай-ақ туристік-операторлық қызметті жүзеге асырады. —
Дереккөздер
П