Кеңейтілген пернетақта (расширенная клавиатура; enhaanced) — at және ps/2 модельдерінің көпшілігінде қолданылатын, қазіргі заманғы стандарт болып табылатын 101/102 пернелер. Кейбір кеңейтілген пернетақталардың (мысалы, "microsoft naturap') 104 немесе 105 пернесі бар, 122 пернелі модельдер де шықты. Кеңейтілген пернетақтаның пернелері 4 топқа бөлінеді: 1) негізгі пернетақта; 2) қызметтік пернетақта; 3) меңзер мен экранды басқаруға пайдаланылатын цифрлық перметақта (numeric keypad), numlock индикаторы агытылғанда (немесе numlock қосылғанда және shift басылып түрганда); 4) цифрлық пернетақтаның міндетін қайталайтын меңзер мен экранды басқарудың ерекшеленген пернелері.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника