Орталықтандырылған маршруттау (Централизованная маршрутизация; centralized routing) — мәліметтерді жеткізу желісіндегі дестелерді немесе хабарларды маршруттау әдісі. Бұл әдіс бойынша маршрутты таңдау туралы шешім біртұтас орталықта қабылданады. Әдістің әр түрлілігі орталықтандырылған бейімді маршруттау болып табылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника