thumb|right|Ш.Кенжебаев. "Ана". 1959 жылы Шыңғыс Бейсембайұлы Кенжебаев (4 тамыз 1927, Қызылорда - 1996, Алматы) - графикашы, плакатшы, монументті-сән өнері шебері.

Өмірбаяны 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. Алматы көркемсурет училищесін (1954) бітірген. Мәскеу көркемсурет институтын бітірген (1960).

Шығармашылығы Кенжебаевтің елеулі шығармалары қатарына: "Біздің ауылдың адамдары" атты түрлі-түсті линогравюралар топтамасы (1959-63) жатады. "Қаңылтыр прокаттаушылар" (1960) "Ыстықкөл" "Қысқы кеш" (1962) "Менің аспаным" (триптих, 1964) "Алғашқы ән" (1965) "Д.Нұрпейісованың портреті" (1967) секілді түрлі-түсті линогравюралары Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.

Плакат саласында да өнімді еңбек етті.

Марапаттары "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:4 тамызда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:II Дүниежүзілік соғысы Қазақстан ардагерлері