Бетонмен қаптау — бөгеттің, каналдың және т.б. су өткізгіш имараттардың беткейлеріне сүзілуді болдырмау үшін бетоннан салынатын жамылғы. Бөгеттің беті жоғарғы және төменгі бьефтегі судың физикалық- химиялық зиянды әсеріне және атмосфералық құбылыстардың әсеріне берік болуы тиіс. Бетонды бөгеттердің тегеурінді қыры су өткізбейтін және жоғарғы жағы суыққа төзімді болуы ушін мейлінше тығыз бетоннан қалыңдығы 2—3 м болып жасалады, бетон кұрамы арнаулы ережеге сәйкес қабылданады, тегеурінді қыры битуммен қапталады, бөгеттің іргетасы су өткізбейтін бетоннан құйылады Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы