Қанай Қарақатұлы (1790 - ө. ж. б.) - Абайдың «Қыс» өлеңінде есімі аталады. 1840 ж. Чоға (Жаға) уақ болысын басқарған. Қ. Уақ елі Россияға бағынған кезде, елін тыныш ұстап, Омбы әскери губернаторының алдында ант беріп, қол қойып, мөрін басқан. Оған Омбы облысының бастығы генерал-лейтенант Сант-Лоранның ұсынуымен старшина атағы берілген. Ақын: «Қатал қыста малыңды қасқырға алдырмай аман сақта, ит жегенше Қандыбай, Қанай жесін» - деп, ел шонжарларын тағы да бір қағытып кетеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар