Седиментометрлік (седиментациялық) талдауҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 - дисперсиялық жүйеде бөлшектердің өлшемі бойынша таралу функциясын табуға мүмкіндік беретін зерттеудің сандық әдістері; затты түйірөлшемдік талдаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Седиментометрлік талдау екі класқа бөлінеді: Жердің тартылыс күші өрісінде талдау және орталыққа тартылу, электр және тағы басқа күштер өрісінде талдау. Геологияда қолданылатын седиментометрлік талдау бөлшектердің өлшемін олардың сұйық бағанасында (су үшін гидравликалық ірілігі бойынша) шөгу жылдамдығы бойынша өлшеу принципіне негізделген. Бөлшектердің сұйық ортада шөгу жылдамдығы мен олардың өлшемдері арасыңдағы тәуелділік бірқатар теориялық теңдеулермен өрнектеледі. Олардың ең маңыздысы — Стокс теңдеуі. Бөлшектер диаметрін анықтаудың практикалық шекарасы — 100м мен 0,5м аралығы. Геологиялық практикада cедиментометрлік талдаудың көптеген әдістерінің ішінен ең көп қолданылатыны Сабанин әдісі мен тамшуырлық (Робинзон) әдістер
Дереккөздер
Санат:Геология