Сиалитті мору қыртысы- мору қыртысының геохимиялық типі, алюмосиликаттардың толық шайылуымен және қарқынды гидролизімен сипатталады. Сиалитті типке: каолинитті, галлуазитті, аллофонды, монтмориллонитті, бейделитті, нонтронитгі, гидрослюдалы, гидрохлоритті, гидросиликат-магнезиялы, шамазитті қыртыстар жатады. Сиалитті мору қыртысы түрлі ендіктерде гумидтік климат жағдайында, магмалық таужыныстар, сонымен бірге алюмосиликатты метаморфтық таужыныстар, аркозды құмтастар, карбонаттар және тағы басқа моруынан жараладыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2.
Дереккөздер
Санат:Геология