Темірхан Ордабаев (1950) - график-суретші. Қондырғылы және кітап графикасы саласында жұмыс істейді. Абайдың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай ашылған көрмеге арнап «Абай портретімен бірге натюрморт» атты линогравюра жасады (1971, автордың жеке қоры). Шығарма көтеріңкі де салтанатты сипатымен ерекшеленеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар