Ерванд Аршакович Годжабашян (1939 ж. т.) - мүсінші, суретші. Монументті өнер саласында жұмыс істейді.
Қара туфтан болмашы құралдармен дәл кертіп, тастың табиғи өткір қырлары мен кедір-бұдырын ұтымды пайдалана отырып, Абай портретін жасады (1968). Бұл портрет қазақ өнерінің Арменияда өткен он күндігі кезінде көрсетіліп (1969), кейін Қазақстан Республикасы мемлекттік өнер музейіне сыйға тартылды.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мүсіншілері