Файлдың соңы (Конец файла; end of file, physical end-of-file) - сыртқы сақтауыш құрылғыдағы дың соңын белгілейтін код, маркер немесе белгі. Файлдағы ең соңғы мәліметтерден кейінгі байт позициясы; файлдың соңғы байтын белгілейтін арнайы басқару таңбасы (ASCII код 26). Кейде кейбір қолданбалы программалар файлдың соңын көрсету үшін мәтіндік файлға орналастырады. Пернетақтадан Ctrl+Z пернелерін басу арқылы енгізіледі; файлдың даярланған уақыты немесе оның соңғы өзгертілген уақыты. Файл сипаттамалары ретінде тізімге тіркеліп отырады. Бумадағы файлдарды кесте түрінде бейнелегенде немесе файл қасиеттерін қарағанда көруге болады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника