thumb|right|Польшадағы дистрофтық көл Дистрофтық көл ( - бұзылуды, жоғалтуды білдіретін қосымша және trophe — тамақ, тағам) — организмдерге керекті оттек пен қоректік заттары аз терең емес суқойма. Суының минералдығы аз, қышқылдығы жоғары, мөлдірлігі нашар, құрамында гуминдік заттар көп болғандықтан — сары немесе қоныр түсті болып келеді. Көбінесе шымтезекпен қапталған түбінде фитопланктон және түптік жануарлар кездеспейді. Дистрофтық көл тым батпақтанған аудандарда кездеседі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Суында органикалық заттар көптеп кездеседі. Ортаның белсенді реакциясы (рH) қышқылға қарай бағыт талған. Оттек жетіспеушілігі жазда айтарлықтай байқалады; оларда балық жоқ, гидробионттары негізінен мүктерден тұрады. Судың мөлдірлігі өте төмен, түсі сары, қошқыл немесе коңыр реңде болып келеді. Дистрофтық көл, әдетте, уақыт өте келе шымтезекке толып, батпаққа айналады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Дереккөздер
Санат:География және геодезия Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы