Үй-жай шаруашылығының (коммуналдық) ағындары - қалалар мен басқа да елді мекендердің ластағыш заттектері көп ағындылары. Үй-жай шаруашылығы ағындыларының құрамында зәрнәжісті сулардан басқа да едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды пайдаланудан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтану орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Үй-жай шаруашылығы ағындыларында ауру қоздырушы микробтар мен вирустардың және гельменттердің жұмыртқаларының болуы бұл суларды аса қауіпті етеді. Үй-жай ағындылары біркелкі құйылмайтындығымен ерекшеленеді, сонысымен қоса канализация құбырла- рының жұмысын қиындатады. Елді мекендер жауын-шашын мен қар еру кездерінде көшелер мен кәсіпорындардың аулаларынан ағатын лас сулармен су көздерін қосымша былғайды. Оларда мұнай шикізатары және басқа да арнайы ластаушылар болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы