Материктік қыртыстың базиттенуі туралы жорамал — палеозой эрасының соңғы кезеңіне дейін бүкіл планета бетін материктік қыртыс көмкеріп жатты дейтін жорамал; мезозой эрасының алғашқы кезеңінде осы материктік қыртыстың жекелеген аудандары төмен қарай ойыса бастап, сол аймақтарда мүхит алаптары пайда болыпты мыс.; осы мұхит түптеріндегі материктік қыртысқа тән қышқыл және орташа қышқыл таужыныстардың жоғарғы мантия заттарымен алмасуынан, яғни олардың жаппай базиттенуінен бұрынғы материктік қыртыс түрі мүхиттық қыртыс түріне айналған делінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология