Өлі теңіз (арабша Бахр-Лут) – Таяу Шығыстағы, Иордания мен Израиль жеріндегі ағынсыз тұзды көл. Гхор тектоникалық ойысына, теңіз деңгейінен 403 м төмен (жағалауы — құрлықтағы ең төменгі жер) орналасқан. Ауданы 1050 км², ұзындығы 76 км, ең терең жері 356 м. Өлі теңіз жағалауы шөлді, кей жерлері жартасты. Негізінен Иордан өзінің суымен толығады. Дүние жүзіндегі ең тұзды көлдердің бірі. Суының орташа тұздығы 260–270 ‰, кей жылдары 310‰-ге жетеді.Минералды тұздар өндіріледі. «Өлі теңіз» аталуы суында органикалық тіршіліктің жоқтығымен түсіндіріледі. thumb|left|upright|Өлі теңіз thumb|left|upright|Өлі теңіз
Дереккөздер
Санат:Тұзды көлдер Санат:Израиль көлдері Санат:Иордания көлдері Санат:Шекаралық көлдер Санат:Жердің экстремалды нүктелері