«Қорқытпа мені дауылдан...» - И. А. Бунин өлеңінің 1892-93 ж. аралығында Абай аударған нүсқасы. Орысша түп нұсқасы 12 жол, қазақшасы 16 жол. Абай өз өлеңінің негізгі үш шумағында орысша түп нұсқадан көп алшақтамай, жалпы мағынасын сақтай отырып, ондағы өмір сүйгіштік, оптимистік сарынды, қиындыққа қажымай, үлкен мақсат-нысанаға үмтылуды уағыздауды айрықша шеберлікпен жеткізеді. Мұны айқын көру үшін орысша нусқаның сөз болып отырған шумақтарына назар салалық: <i> «Не пугай меня грозою, Весел грохот вешних бурь. После бури над землею Светит радостней лазурь. После бури молодея В блеске новой красоты. Ароматно и пышнее Распускаются цветы. Не страшит меня напастье, Горько думать, что пройдет Жизнь без горя и счастья В суете дневных забот». </i> Орыс ақынының бұл ой-пікірлері Абайға да жат емес. Осыған ұқсас пікірлерді Абайдың шығармаларынан жиі кездестіруге болады. Ғақлия сөздерінің бірінде Абай «Үміт үзбек-қайратсыздық» дей келіп: «Қары қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсыжаз келмеушімееді?» деп түйіндейтінін еске алсақ, тіпті сөзбе-сөз ұқсастық та бар екенін көреміз. Әрине, мәселе жеке сөз, сөйлемдер ұқсастығында емес, біз бұл жерде Абай өз ой-пікірлерімен жанасып, жалғаскелетін, өз көңіл-күйіне үйлес, үндес өлеңдерді аударуға үмтылатынын атап айтпақшымыз. Өлеңнің төртінші шумағында: «Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат Жалғыз жанша жат жерде...» - деп, Абайдың орысша Түп нұсқадан алшақ кетуі де сол өз көңіл-күйінің елесін көрсетуге ұмтылғандықтан туған. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында текстологиялық өзгерістер көздеспейді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Абай энциклопедиясы