Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері — Қазақстанның біріккен қарулы күштері. Әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Міндеттері «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген: әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; маңызды әскери нысандарды күзету; елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының (ҚР) басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Әскери доктринасы 300px|thumb|left|Қазақстан аэроұтқыр әскері Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядролық мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
Әскери доктрина ережелерін іске асыру, әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Өңірлік қолбасшылықтар Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы «Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Астана» өңірлік қолбасшылығына (ӨҚ) кіреді: 7-жеке механикаландырылған бригада (7-ЖМЕХБР немесе 31775 әскери бөлім (ә/б) — Қарағанды арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас елді мекен (е.м.). 401-зеңбіректі артиллериялық бригада (ЗАБР) (401-ЗАБР немесе 06708 ә/б) — Приозёрск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды). 402-ракетивті артиллериялық бригада (РЕАБР) (402-РЕАБР) — Приозёрск. 403-танк бұзар артиллериялық бригада (ТБАБР) (403-ТБАБР немесе 70417 ә/б) — Приозёрск. Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск. Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозёрск.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» ӨҚ кіреді: 3-жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (ЖГМехБр) (3-ЖГМехБр немесе 40398 ә/б) — Үшарал; 4-механикаландырылған бригадасы (4-ЖГМехБр немесе 27943 ә/б) — Өскемен; 8-жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей; 11-танк бригадасы (11-тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз; 34-артиллерия бригадасы (34-абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал; 101-ракеталық бригада (РБр) (101-РБр немесе 36803 ә/б) — Семей; 102-ракетивті артиллериялық бригада (РеАБр) (402-РеАБр немесе 16752 ә/б) — Семей; 103-зеңбіректі артиллериялық бригада ЗАБр (103-ЗАБр немесе 28738 ә/б) — Семей; жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей; жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді: 100-артиллериялық бригада (100-абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе; жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе; 390-жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды); жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау; жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жаңа әскери бөлім құрылды
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ( ӨҚ) негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» ӨҚ кіреді: 5-тау атқыштар бригадасы (ТАБр) (5-ТАБр немесе 85395 ә/б) — Тараз; жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой ауылы. Жеке танк батальоны — Луговой ауылы. Жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой ауылы. Жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі ауылы. 6-жеке механикаландырылған бригада (7-ЖМехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент; жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы ауылы. 40-әскери базасы Гвардейский кенті; 12-механикаландырылған бригада (12-МехБр немесе 21450 ә/б) 54-гвардиялық артиллериялық бригада (54-гв.АБр немесе 82796 ә/б) 23-инженерлік-саперлік бригада (ИСБр) (23-ИСБр немесе 75263 ә/б) Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (Қорғаныс Әскері Оқу Орны (ҚӘ ОО) немесе 30212 ә/б) 221-жеке байланыс бригадасы (221-ЖББр немесе 28903 ә/б) — Тараз; 232-инженерлік-саперлік бригада (232-ИСБр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай.
Ағымдық қару-жарағы
Құрлық күштері Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды: Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б +ТипіБейнесіӨндірісТехника түріСаны ЕскертпелерТ-72БА 200pxТанк300-13002016 жылғы мәліметтер бойынша 300-ден 1300-ге дейін Т-72В болды. — БРЭ бойынша 2021 жылға 300 Т-72БАБМП-2200pxЖаяу әскерге арналған ұрыс көлігі700БМП-1200pxЖаяу әскерге арналған ұрыс көлігіБМПТ Терминатор200pxТанктерді сүйемелдейтін Бронды-көлік3БТР-82А200pxБронды-тасымалдаушы62БТР-80А200pxБронды-тасымалдаушы90БТР-80200pxБронды-тасымалдаушы150БТР-70Бронды-тасымалдаушыБТР-60200pxБронды-тасымалдаушы150БРДМ-2200pxБарлау-көлігі30HMMWV200pxБарлау-көлігі50МТ-ЛБ200pxБронды-тасымалдаушы180Газ-2330Тигр200pxБарлау-көлігі26БПМ-97200pxБронокөлік20БРМ-1К200pxБарлау-көлігі40OTOKAR COBRA200pxБарлау-көлігі17Арлан200pxБронды-көлік200https://informburo.kz/novosti/60-bronevikov-arlan-prinyali-na-vooruzhenie-v-kazahstanskoy-armii.htmlPlasan Sandcat//Алан200pxБронды-көлік20
Артиллерия Сүйретілетін артилерия
+ТипіБейнесіӨндірісТехника түріСаны ЕскертпелерД-30нобайСүйретілетін артилерия100Мста-БнобайСүйретілетін артилерия70Гиацинт-БнобайСүйретілетін артилерия180
Жылжымалы зеңбіректер
+ТипіБейнесіӨндірісТехника түріСаны ЕскертпелерСемсер Моторлы зеңбіректерГвоздика200pxМоторлы зеңбіректер60Акация200pxМоторлы зеңбіректер60Тюльпан200pxМоторлы зеңбіректербелгісіз
Дүркін артиллерия +ТипіБейнесіӨндірісТехника түріСаны ЕскертпелерТОС-1А200pxДүркін артиллерия3БМ-30 Смерч200pxДүркін артиллерия6БМ-27 Ураган200pxДүркін артиллерия180БМ-21 РСЗО «КазГрад»200pxДүркін артиллерияБМ-21 Град200pxДүркін артиллерия200НайзаДүркін артиллерия189К59 «Прима»200pxДүркін артиллерия Тактикалық зымыран кешендері +ТипіБейнесіӨндірісТехника түріСаны ЕскертпелерТочка-У200pxоперативті-тактикалық-зымырандық-кешен12
Әуе қорғанысы күштері
250px|нобай|Су-25 (Su-25) Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.
Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету.
Басшылары Әлібек Хамитұлы Қасымов (1992 — 1995) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; Николай Дмитриевич Толмачев (1995 — 1996) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (1996 — 1997) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; Бақытжан Ертайұлы Ертаев (1997 — 2000) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (2001 — 2003) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы; Болат Керімжанұлы Дарбеков (2003 — 2007) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы; Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (2007 — 2010) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;