Ливземниекс Викторс (1935ж. т.) - латыш ақыны. Оның «Ел сенім артқан адам», «Өз қалаңды гүлдендір», «Тіршілік жөніндегі ой» жыр жинақтары көпшілік оқырманға жақсы таныс. Ливземниекс Абайдың «Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңдерін латыш тіліне аударған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар