thumb|Джон Вильям Дрэпэр Джон Вильям Дрэпэр (5.05.1811, Сент-Хеленс - 4.01.1882, Нью-Йорк штаты) - ағылшын ғалымы. Физика, химия, физиология және тарих ғылымдарымен шұғылданған әмбебап оқымысты.

Россияда Дрэпэрдің «Еуропа ақыл-ойының даму тарихы» және «Адам физиологиясы, оның қалыпты даму жолы» еңбектері орыс тіліне аударылған. Соңғы кітабында Дрэпэр жеке халықтардың тарихын (зерттелу ғасыры, сенім ғасыры, ақыл-ой ғасыры т. б.) барлық халықтардың өмірінде қайталанатын ерекше «ғасырларға», «кезеңдерге» бөліп қарастырған. Осы еңбектерді Абай Семей кітапханасынан алып оқыған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Еңбектерінде қоғамның дамуына табиғаттың тікелей әсер ететінін, алдағы даму бағдарын дұрыс анықтауына байланысты екенін ғылыми мәселе ретінде қойды. Дрэпердің бұл еңбектерімен Абай таныс болған, Әуезов те оқыған. Ол Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен Еуропа ғұламаларын талдай келе: «» деп айрықша атап өтеді («Абайтанудан жарияланбаған материалдар», 1988, 175-бет). «Абай - қазақтың классигі» атты мақаласында Абай Дрэпердің «Еуропаның ақыл-ойының даму тарихының» толық курсын тәмәмдаған деген де пікір білдіреді (сонда, 75-бет).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:5 мамырда туғандар Санат:1811 жылы туғандар Санат:Сент-Хеленсте туғандар Санат:4 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1882 жылы қайтыс болғандар Санат:Нью-Йорк штатында қайтыс болғандар Санат:Ұлыбритания химиктері Санат:АҚШ химиктері Санат:Нью-Йорк университеті оқытушылары Санат:Ғылым тарихшылары Санат:Грин-Вуд зиратында жерленгендер Санат:Румфорд сыйлығының иегерлері