Ақадыр — Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент.
Географиялық орны Екатеринбург-Алматы темір жолының бойында, аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км-дей, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 167 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі өткен ғасырдың 30 жылдары Қарағанды-Мойынты теміржол құрылысының бойында Ақадыр стансасының ашылуына байланысты қаланған. Кентте 1937 жылдан бастап паровоз депосы ашылып, ол 1957 жылы тепловоздары, ал 1982 жылдан бүгінгі күндері электровозды жөндейтін ірі кәсіпорын болып есептеледі. 1973-1997 жылдары Ақадыр ауданының орталығы болған. 1997 жылы Ақадыр ауданы жабылып, Шет ауданының құрамына берілген.
КарЛАГ 1931 жылы атылған бір топ азаматтар сүйегі жатқан жері болып атанды.КарЛАГ туралы фильм
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен105649665 9756 100,9 4711 4887 103,7 4954 4869 98,3
Инфрақұрылымы Ақадыр кенті мен оған әкімшілік бағынысты елді мекендер (Подхоз ауылы, Тағылы, №906 разъезддері) дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Мұнда білім беру, медицина, мәдениет және көлік салаларына қатысты маңызды мекемелер орналасқан.
Білім және мәдениет
4 мектеп Балабақша Балалар өнер мектебі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Оқу-өндірістік комбинаты Мәдениет үйі Кітапхана Кинотеатр
Денсаулық сақтау
Аудандық емхана 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория Фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП)
Көлік және байланыс
«Қазақстан темір жолдары» мекемелері:
Ақадыр электр жабдықтау (ЭЧ-12) Темір жол дистанциясы (ПЧ-26) Белгі беру және байланыс дистанциясы (ПЦЧ-21)
Байланыс қызметтері:
«Қазақтелеком» бөлімшесі «Қазпошта» бөлімшесі
Әлеуметтік және құқықтық мекемелер
№2 Ақадыр аудандық соты №2 Аудандық АХАЖ бөлімі Кенттік полиция бөлімшесі
Шаруашылық және экономика
46 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығымен айналысады (2006 жылғы дерек)
Көлік қатынасы Ақадыр кенті басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады, бұл оның аймақтағы маңызды көлік торабы екенін көрсетеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Ақадыр таӊы редакциясы Ақадыр ауданыныӊ газеттері 1975 жылдан бастап аптасына бір рет, қазақ және орыс тілдерінде 5 мыӊ таралыммен шығып тұрды. Оныӊ редакторлары:
Марал Хасен (1975-1990) Рымқұл Сүлейменов (1990) Төрехан Майбас (1991-1997)Шет ауданы: Энциклопедия. - Алматы: ҚазАқпарат, 2010
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстан кенттері