Иірім төбе қалашығының сызбасы|right|thumb Иірім төбе - кейінгі ортағасырлық қалашық орны. Шеңгелді ауылынан оңтүстікке қарай 4,5 километр жерде. 2005 жылы "Көксарай барлау тобы" (жетекші Х.Айтқұл) зерттеген. Қазіргі орны шығыстан батысқа қарай созылып жатқан ауданы 40x32 метр, биіктігі 80 сантиметр төбешік. Ескерткіштің үстінен табылған бірнеше қызыл ангоб жағылған қыш ыдыстар үлгілеріне қарағанда, Иірім төбені халық 16—18 ғасырларда мекен еткен. Тұрғындары егін егіп, мал өсірумен айналысқан.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Иірім төбе · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.