Жартылай автомат (Полуавтомат) — бір толық жұмыс циклін өзіндік жүргізетін және циклді қайталау үшін ғана адамның араласуын қажет ететін машина немесе агрегат. Мысалы, жартылай автомат металкескіш білдек — дайындаманы өндеудің барлық циклін орындап, өз бетімен білдек механизмдерін бастапқы күйге қайта әкеледі де, дайындаманы орнатуды, білдекті іске қосуды және өңделген дайындаманы білдектен алуды жұмысшы атқарады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Полиграфия