Жел зоналары - атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде әр түрлі режімді желдері бар зоналар. Оған экватор жанындағы ауыспалы желдері бар зона; пассаттар зонасы; субтропиктік тымық зона; қоңыржай ендіктердің батыс желдері мен циклондық өзгермелі желдер зонасы; полюс маңы шығыс ауа ағыстарының зонасы жатады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия