Байөміров Мергенғали Ерғалиұлы (1945 жылы туған) – инженер-механик, техникалық ғылым кандидаты (1975), профессор (1991). Қазақ ауылы шаруашылық институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1968).«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;Гурьев ауылы шаруашылық техникумының оқытушысы (1968 – 70), Қазақ ауылы шаруашылық институтының ассистенті (1970 – 77), ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінің ғылым хатшысы (1977 – 78), Ақтау политехникалық институтының аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. Ол теориялық механика бойынша оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасы «Оқу ағарту ісінің үздігі».«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:1945 жылы туғандар