Тыйым салынған аймақ — идеалды кристалда электрон тұруға болмайтын энергия деңгейлерінің аумағы. Шалаөткізгіштер мен диэлектриктерде, әдетте, валенттік аймақтың жоғары деңгейі (төбесі) мен өткізгіштік аймақтың төменгі деңгейі (түбі) арасындағы энергия аумағын айтады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника