Қартбай Қалқаманұлы(1876, Адай уезді – 1936, Қоңырат маңындағы Үштөбе зиратында жерленген) – домбырашы, күйші, құдықшы, саятшы. Маңғыстау күйшілері арасында көпшілік топ алдында Қаласының «Күй басы» атты күйін тартып бастау дәстүрі қалыптасқан. Оның одан басқа «Қыранның балапанын баулу», т.б. тақырыптық бірнеше күйлері болған. Қартбай көбінесе жан-жануарлардың қимыл-әрекетін, дауыс-үнін күй тілімен беруге күш салған анималист ретінде танылған. Хиуаның бес қаласында күй сайыстарына қатысып, түрікмен бақшыларын өзінің домбырашылық шеберлігімен тәнті етіп, бірнеше рет бас бәйгені жеңіп алған. Қартбай – құдықшы, саятшы әрі тамшы да болған. 1931 жылы күнкөріс қамымен Қоңыратқа барған. Қаласының көп күйлерін Жасағанберген 1950 жылы Қазақстан ғылым академиясының қорына жаздырды деген дерек сақталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1876 жылы туғандар