Абай — Қарағанды облысындағы қала, Абай ауданының орталығы (1997 жылдан).

Тарихы

Қала негізі Қарағанды көмір алабының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. 1961 жылы қалаға айналған.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен25550 28602 111,9 12029 13883 115,4 13521 14719 108,9

Экономикасы

Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды.

Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясының «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн» ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.

Инфрақұрылым

Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

1966 ж. құрылған Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебі бокстан Еуропа чемпионы С. Нұрқазовты, халықаралық спорт шеберлері Б. Аманбаев, Д. Мұңайтпасов, Әлем чемпионы С. Сәпиевті даярлады. Мұнда Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Қапаның орталық бөлігінде Абай ескерткіші орнатылған. Қарағанды—Жезқазған—Қызылорда автомобиль жолы, Қарабас кентінің жанынан Жартас су құбыры өтеді. Ең жақын Қарабас темір жол стансасы 7 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Тағы қараңыз Абай (шахта)

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері Санат:Абай (қала)