Магнитоэлектроника- заттың магниттік қасиеттерін пайдалануға негізделген катты денелі электроника саласы. Магнитоэлектрониканың -өзіне тән объектілеріне электромагнит жоғары жиілікті энергияның ағындарын баскару аспаптары (мысалы, ферритті вентилдер, циркуляторлар, фаза айналдырғыштар), жадтық және логикалық құрылғылар, сондай-ақ магнитостатикалық толқындардың қасиеттері мен ферромагниттік резонанс, ядролық магниттік резонанс құбылыстарын пайдаланатын аспаптар жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника