Сипаттама тіктігі — а) электрондық шамның, басқа да электродтардың берілген кернеудегі анодтық ток өзгерісінің оны тудырған басқарушы тордағы кернеу өзгерісіне қатынасымен анықталатын дифференциалдық көрсеткіш. Қабылдау — күшейткіш шамдардың күшейту қасиеттерін сипаттайтын сипаттама тіктігі әдетте, 0,5—50 мА/В шектерінде жатады;
ә) өрістік транзистордың, ортақ бастауы бар схемада транзистордың шығысында қысқа тұйықталу жағдайындағы құйма тогы өзгерісінің жаппадағы кернеу өзгерісіне қатынасымен анықталатын дифференциалдық көрсеткіш. Өрістік транзистордың сипаттама тіктігі әдетте, бірнеше мА/В болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника