Жетісай — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы қала, аудан және Жетісай қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан онтүстік-батысқа қарай 393 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында, Сырдария алабында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3048736494 44105 120,9 17437 22148 127 19057 21957 115,2

Тарихы Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы кентке, 1969 жылы қалаға айналды.

Инфақұрылымы Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ж. арқылы халықар. Ташкент – Сырдария – Бұхара темір жол өтеді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жетісай ауданы елді мекендері Санат:Түркістан облысы қалалары