Алексей Иванович Осадчий (1928 ж. т., Бальменск ауданы Дранишников с.) – мұнайшы-геолог, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы.

Өмірбаяны Грозный мұнай институтының геология-барлау факультетін бітірген (1952).

1952 – 1965 ж. «Қосшағылмұнай» тресі мен Құлсары кәсіпшілігінің ұңғымаларды күрделі жөндеу кеңсесінде, Байшонас мұнай кәсіпшілік басқармасында геолог, бас геолог.

1965 – 1970 ж. Өзен мұнай-газ өндіру басқармасында геолог, бас геолог.

1970 – 1987 ж. Маңғыстау өндірістік бірлестігінде бөлім бастығы.

1987 – 1991 ж. бірлестікте жауапты жұмыстар атқарды.

Марапаттары «Мұнай өндіру өнеркәсібінің үздік қызметкері» белгісімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1928 жылы туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары