Өтесбай ҚойтановМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1932 жылы туған, Маңғыстау ауданы,Тұщыбек ауылы ) – еңбек ардагері, шопан. 14 жасынан еңбекке араласып, алғашқы еңбек жолын құдықшы болып бастаған. 1961 жылдан жылқышы, 1969 жылдан бас шопан. Қойтанов қой баққан кезінде әр жүз аналықтан 170 – 172-ден төл алып, облысының социалистік жарыстағы үздік көрсеткіштері үшін Маңғыстау облысының «Чемпион шопаны» атағы берілді (1981). Бүкілодақтық Кәсіподақтар съезіне делегат болып қатысқан. Еңбек Қызыл Ту ордені (1982), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1973), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, КСРО халық шаруашылығын өркендетудегі жетістіктері үшін КСРО ХШЖК-нің күміс медалімен марапатталған (1987). Дереккөздер
Санат:Тұлғалар