Телбайұлы Тілембай (1922 жылы туған, Бозащы, Ащыорда қонысы) – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1942 жылдары Сталинград майданына қатысқан. Соғыстан кейін ұзақ уақыт ауыл шаруашылығының түрлі салаларында еңбек еткен. 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар