Ауа райын барлау (Разведка погоды) — әскерлерді (күштерді) метеорологиялық жағынан қамтамасыз ету үшін белгіленген ауданда қажетті мөліметтерді алу мақсатындағы аспапты және көзбен бақылау; гидрометеорологиялық барлаудың құрама бөлігі. Мәліметтерді алу үшін колданылатын техникалық кұралдарына байланысты ауа райын барлау радиолокациялық, әуе, кемелік, спутниктік және арнайы (арнайы барлаушы топтар көмегімен) болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс