Жомарт Бисенғалиұлы Мұсабаев (туған жылы белгісіз, Маңғыстау ауданы Үштаған ауылы – 1993) – соғыс ардагері. Механизаторлар даярлайтын ауыл шаруашылығы техникумын (1938), бухгалтерлер курсын (1940) бітірген. 1941 – 1944 жылдары әскерге алынып Оңтүстік-Батыс, Орталық және Беларусь, Сталинград майдандарына қатысқан. 1966 – 1983 жылдары Жамбыл облысы Талас, Мерке аудандарында Қаратау қаласы және Маңғыстау облысы партия комитетінде комиссия мүшесі, нұсқаушы, 1984 – 1988 жылдары Шевченко қалалық комитетінің әкімшілік комиссиясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар