Мақсат Есбосынов (1951 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – ғалым-педагог, педагогикалық ғылым кандидаты (1999). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы КСРО мемлекеттік банкі есеп-несие техникумын (1971), ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1979). 1979 – 85 жылы «Маңғышлақмұнай» ӨБ есептеу орталығында аға инженер, бөлім бастығы, 1985 – 92 жылы №4 орта кәсіптік-техникалық училищесінде директор, 1992 жылдан Білім саласындағы жаңа ақпараттық технология аймақтық ортлығының директоры.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1951 жылы туғандар