Крейсер қимылдары — теңіз коммуникациясындағы ұшақтардың, су үсті кемелері мен кайыктардың қарсылас кемелерін жою және оның теңіз тасымалдарын бұзу мақсатында өз бетімен жүргізетін ұрыс әрекеттерінің жиынтығы.

Крейсер қимылдарын кейде крейсер операциялары деп атайды, ал тек су үсті кемелеріне ғана қатысты болса, крейсерлеу деп атайды.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс