Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.
Олардың түрлері:
Абсолют үдеу (Ускорение абсолютное) — күрделі қозғалыстағы материялық нүктенің абсолют жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама. Абсолют үдеу — орын ауыстыру, салыстырмалы және кориолис үдеулерінің геометриялық қосындысына тең. Кориолис үдеуі (Ускорение кориолиса) — нүктенің салыстырмалы жылдамдығының, тасымалдау қозғалысының және тасымалдау жылдамдығының салыстырмалы қозғалысының әсерлерінен өзгеруін сипаттайды. Нүктенің кориолис үдеуі — бұрыштық жылдамдық пен тасымалдау қозғалысының жылдамдығының екі еселенген векторлық көбейтіндісіне тең. Салыстырмалы үдеу (Ускорение относительное) — салыстырмалы қозғалыстағы нүктенің салыстырмалы жылдамдығының өзгеруін сипаттайды. Салмақ күшінің үдеуі(Ускорение силы тяжести) — денеге әсер еткен салмақ күшінен туындайтын үдеу. Тасымалдау үдеуі (Ускорение переносное) — тасымалдау қозғалысындағы нүктенің тасымалдау жылдамдығының өзгеруін сипаттайды. Нүкте үдеуі - нүкте жылдамдығының өзгеру тездігін сипаттайтын және жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасына тең физикалық шама. Жанама үдеу - нүкте үдеуін қүрайтын жанама аркылы траекторияға бағытталған. Қалыпты үдеу- нүкте үдеуін құрайтын қалыпты аркылы траекторияға бағытталған. Еркін түсу үдеуі - ауырлық күш кимылымен материапды нүктемен пайда болған үдеу. Бұрыштық үдеу - аралык уакытқа бұрыштык жылдамдықтың өзгеру қатынасы өзгеріс болған уақыт аралығында.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Формуласы
Тағы қараңыз Бұрыштық үдеу Үдемелі қозғалыс Нүкте үдеуі
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Физика Санат:Механика