Аралас зақымдар — ядролық жарылыстың барлық немесе бірнеше зақымдау факторларының бір уақытта әсер етуі салдарынан адамның алған жарақаты. Аралас зақымдану жаракаттың үлкеюіне әкеліп соқтырады, сәулелену ауруы зақым мен күйіктің жазылуын қиындатады, бұлар сәулелену ауруын асқындыра түседі. Аралас зақымдану адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсыласуын әлсіретеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс