Пассатаралық қарсы ағыс, экваторлық қарсы ағыс –– Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар арасындағы мұхиттардың төменгі ендіктеріндегі беткі орын толтыратын ағыстар. Тымық зонада жел өрісінің біркелкі болмауының нәтижесінде дамиды. Бағыты батыстан шығысқа қарай болады. Атлант және Тынық мұхиттарында 3—10° с.е., Үнді мұхитында 9-10° о.е. орналасады. Кейде 300 м терендікте байқалады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия