Қалыптандыру (Нормализация) — 1) аустенидтеуден және тыныш ауада суытудан тұратын темір қорытпасын термиялық өңдеу; 2) болатты термиялық өңдеу әдісі. Бұл кезде болатты 750—950°С-қа дейін қыздырып, осы температурада ұстап және кейін ауада суытады. Қалыптандыруды болаттың механикалық қасиеттерін жоғарылату және кесу өңделімділігін (обрабатываемость) жақсарту үшін пайцаланады. Қалыптандыруды көбінесе шынықтырудың алдында жүргізеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау