Мартбек Мамраев (1908-1989 ж.), гвардия аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1944 ж.)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1..

Өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Құдайберлі-Бұлбұл бұтағынан шыққан.

Еңбек жолын 1924 ж. Қарқаралы ауданында бастап, кейін Қарағандыда жұмыс істеді. 1931-34 ж. забойшы, 1934-38 ж. электрослесарь-механик, 1938-1940 ж. К. О. Горбачев атындағы №8/9 шахта кәсіподақ комитетінің председателі. 1940-42 ж. «Кировкөмір» тресі №3-бис шахтасында партия жұмысын ұйымдастырушы. 1942-44 ж. Кеңес Армиясы қатарында. 1944-45, 1952-54 ж. 1 маусымға дейін М. Мамраев шахтада партия жұмысын ұйымдастырушы, 1945-1952 ж. Ленин ауданың партия комитетінің 1-хатшысы, 1955-58 ж. Қарағанды қалалық Кеңесі аткомы төрағасының 1-орынбасары, 1958-1972 ж. химия-металлургия институты директорының орынбасары. 1972-1985 ж. осы институтта патент-информация бөлімінің инженері.

1943 ж. қыркүйекте Днепр өзеннен өтерде 12-атқыштар дивизиясы 32-ат0ыштар полкінің пулемет расчетының командирі М.Мамраев асқан ерлік көрсетгі, фашистердің шабуылына тойтарыс беріп, бөлімшенің өзеннен өтуін қамтамасыз етгі. Ұлы Отан соғысынан кейін Қарағандыда кеңес және шаруашылық қызметінде болды.

Марапат

Ленин ордені, Құрмет Белгісі орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1971 ж.). Химия металлургия институтының әкімшілік үйінде М. Мамраевтің бюсnі орнатылған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1908 жылы туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1989 жылы қайтыс болғандар