200px|thumb|right Iскенже — дайындамаларды немесе тетіктерді өңдеу немесе құрастыру барысында екі ерін (жылжымалы және жылжымайтын) арасында қысуға және ұстап тұруға арналған айлабұйым; дайындаманы немесе тетікті өңдегенде немесе құрастырып жинағанда қысып ұстап бекітуге арналған құрал.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Түрлері Әмбебап іскенже (Универсальные тиски) — қолданылуы әртүрлі тетіктерді қысуға арналған іскенже.
Білдектік іскенже (Станочные тиски) — машиналық іскенже. Қол іскенже (Ручные тиски) - қол жұмысына арналған кіші өлшемді теміршебер іскенже.
Машиналық іскенже (Машинные тиски) — металкескіш білдектің үстелінде дайындамаларды өңдеу кезінде қысып тұруға арналған іскенже.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Орындықты іскенже (Стуловые тиски) — бұру құрылғысы жоқ теміршебер іскенже. Өздігінен центрленетін іскенже (Самоцентрирущие тиски) — қысу процесінде өңделетін дайындаманың центрленуін қамтамасыз ететін машиналы іскенже.
Теміршебер іскенже (Слесарьные тиски) — шебер үстелінде теміршебер жұмыстарын орындауға арналған іскенже.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Санат:Құрылғылар Санат:Механика